«Тіл - ұлттың жаны,әдебиет - рухтың шамшырағы»

«Тіл - ұлттың жаны,әдебиет - рухтың шамшырағы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Мерекелік шара ұлттық дәстүрімізге сай шашу шашумен басталды. Іс-шара барысында мұғалімдер мен оқушыларға ақ дастарқанның сәні – бауырсақ пен тәтті кәмпиттер таратылды. Бұл игі шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталды.
Онкүндік аясында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ана тіліміз – асыл мұрамыз, ұлттық байлығымыз!