«Артыңда қандай із қалдырасың?»

«Артыңда қандай із қалдырасың?»
Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 7 сынып оқушылары «Артыңда қандай із қалдырасың?»атты экологиялық экскурсияға шығып, табиғатты қорғауға бағытталған игі іске өз үлестерін қосты.
Бар болғаны жарты сағаттың ішінде оқушылар жасыл алаңнан қоқысқа толы алты үлкен қап жинады!
Әрбір тасталған пакет, пластик бөтелке мен сусын қалбыры - табиғат аясында демалған адамның артында қалдырған ізі. Өкінішке қарай, сол қоқысты жинап, қоршаған ортаны тазарту балалардың міндетіне айналды.
Ересектер, бір сәт ойланайықшы: біз балаларға қандай үлгі көрсетіп жүрміз? Табиғат аясында демалған соң, артымыздан қандай із қалдырамыз?
Табиғат - бәрімізге ортақ үй. Оны таза ұстау - әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Балаларға табиғатты аялауды сөзбен ғана емес, өз ісімізбен де үйретейік!
Қолдау көрсеткен ата-аналарымызға және жиналған қоқысты тасымалдауға көмектескен Кишкин Вячеслав Андреевичке шынайы алғысымызды білдіреміз!
Артымыздан қоқыс емес - игі іс, ластанған жер емес - таза табиғат қалсын!
Табиғатты қорғау - болашақты қорғау!