Ұйымдар тізімі
Жалпыреспубликалық Бірыңғай сабақ тұжырымдамасына сәйкес оқушылармен «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылармен салауатты өмір салтын ұстанудың, дұрыс тамақтанудың, күн тәртібін сақтаудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар салауатты өмір салты туралы бейнеролик көріп, күн тәртібі жайлы мультфильм тамашалады. Одан кейін оқу, демалыс, ұйқы және дене белсенділігін дұрыс үйлестірудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Сынып сағаты аясында сергіту сәті ұйымдастырылып, ол оқушылардың бой сергітіп, серпіліп алуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар дене қимылының денсаулық үшін қаншалықты маңызды екені тағы бір мәрте түсіндірілді.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы әдеттер туралы мысалдар келтірді. Сынып сағатының соңында оқушылар салауатты өмір салты жақсы көңіл күйдің, сапалы білім алудың және жарқын болашақтың кепілі деген қорытындыға келді.
Бастауыш сынып мұғалімдері.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні