Мектеп бітіген соң түлектерде оқуды жалғастыру сұрағы туындайды. Қандай мамандық алсам екен? Кім болсам екен? Көптеген мамандықтар бар – дәрігер, мұғалім, программист, шахтер т.б. Осы көптеген мамандықтардың ішінде ереше бір – отан қорғаушы мамандығы бар.
Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында 10-11 сынып оқушыларының біздің мектеп түлегі Төлегенов Темірланмен кездесу ұйымдастырылды.
Темірлан – 2015 жылдан Алматы қаласының ҚР ҚК Құрлық Әскерлерінің Әскери Институтының курсанты. Мамандығы «Әуе күштері мен әскери барлау». Қазір курсант, институтты аяқтаған соң лейтенант атағын алады. Темірлан оқып жатқан оқу орны 15 мамандық бойынша офицерлерді даярлайды.
Темірлан оқушыларға оқу орын туралы видеоматериал көрсетіп, әскери болу оның бала кездегі арманы екенін айтты. Арманын орындау үшін спортқа көп көңіл бөлгенін жеткізді. Оқуға түсу үшін қандай дайындық керектігін, оқу орнында қандай көрсеткіштерге көңіл бөлінетінін, оқу оқыған кездегі қандай білім қажеттігін, өзінің кезінде оқуға дұрыс көңіл бөлмегеніне өкінетінін айтып өтті.
Темірлан – таңдаған мамандығының мемлекетке қажеттігін және мемлекет толық қамтамасыз ететін, алда жұмыс орны дайын екенін, қазір мемлекет жас офицер отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жолға қойғанын және өз өмірін отан қорғауға арнағанына өкінбейтінін ерекше мақтанышпен айтты. Одан басқа да өзінің балалық арманының орындалғанын өте қуанышпен және мақтанышпен айтты.
Курсанттар өмірі өте жарқын, қызыққа толы екенін, жай студенттік өмірден ереше екенін, курсанттіқ өмір есте өмірлік қалатынын, әскери қызмет ұмытылмайтынын жеткізді. Әскерде жас жігіттер нағыз ерге айналып, өз Отанының, отбасының, туыстарының қорғанышына айналатынын айтты. Бұл сезімді сөзбен айтып, қағазға жазып жеткізу қиын, бұл сезімді адам өзі сезініп біле алады - деді.
Кездесуге қатысқан мұғалімдер мен оқушылар Темірланға рахметтерін айтып, оқуда жақсы жетістіктерге жетуді
тіледі. Бұл кездесу оқушыларға өте пайдалы болды, олар үшін мамандық таңдау оқуды аяқтаған соң емес, қазірден бастап таңдап, кезінде мүмкіндіктерін босқа жібермеуге көмек береді. Алға қойған мақсатына ештемеге қарамай жетуге тырысу қажет екенін түсіндірді.