Ертегілерге махаббатты сіңіріп, бала әлемді тануға және онда өзін қалыптастыруға, адамгершілік сезімін және бағалауды, көркем сөздерді дамытуға, қабылдауға біз көмектесеміз.
2018 жылы 4 қаңтарда мектеп кітапханасында "Ертегілер әлемінде" атты ойын-викторинасы бастауыш сынып оқушылары арасында өтті.
Мақсаты:
1. Балаларға ертегілер әлеміндегі ғажайыптарын, олардың даналығы мен сұлулығын.
2. Ойлау қабілетін, сөйлеуді, қиялдауды, жадта ұстауды дамыту.
3. Кітапқа деген қызығушылықтарын және оқуға тәрбиелеу.
4. Жақсылыққа сенуге, достыққа, махаббатқа және зұлымдықты жеңуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың кітапты оқуға,ертегілерге деген махабаттын қалыптастыру.
2. "Викторина" деген ойын түрімен таныстыру .
3. Балалардың әзіл-сықақтарға, көңіл-күйлерге, ертегілердегі кейіпкерді бейнелеуге ықпал ету.
4. Кітаптарға және бір-біріне деген қамқорлыққа, бағалауға тәрбиелеу.
Балалар "Қырандар" және "Сиқыршылар" болып екі топқа бөлінді. Ойын викторина қатысушылары ертегілер әлеміне саяхаттады: ертегілер кейіпкерлерін, ертегілердің сипаты бойынша атауларын, ребустарды тапты, тірек сөздері арқылы ертегілер жазып шығарды. Іс-шара қызығушылықпен құмарлықпен өтті.
Іс-шара соңында екі топта мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.