Жаңажылдық мереке 5-11-сыныптарда жаңа жылдық ғажайыптарды іздеуден басталды. Оқушылар сиқырлы орманға Аяз атаға, сиқырлыққа сенімді қайтару өтінішімен барды. Аяз ата оқушыларға, хатсыз көмектесе алмайтын айтып түсіндірді. Ең күтпеген кезде мыстан Кемпір мен Кикимора алдамшы жоспарлырымен пайда болды, олар жаңа жылға жаңа кейіпкер рөліне касиниг өткізіп Аяз атаны қызметінен босатқылары келді. Әр сыныптардан әртүрлі кандидатуралар, мыстан Кемпірде, патша отбасымен, Санта Клаус, және көптеген басқалары да өздерін ұсынды. Бірақ соңында барлығы, бұл өмірде Аяз атадан артығы жоқ деген қортындыға келіп оған хат жазды. Аяз ата хатты алды, өтініштерін қарап Жаңажылдық ғажайыпты қайтарды. Соңында барлығы шыршаны айналып ән айтты, Аяз ата барлығына сыйлықтарды табыс етті. Содан кейін барлығы мерекелік дискотекаға аттанды.