31 қазан күні біздің мектепте "Бақытты сәт" ертегілеріне бастауыш сынып оқушылары арасында ойын-саяхаты өтті.
Бұл іс-шара"Шалқан" ертегісін сахналауынан басталды. Ал содан кейін барлық балалар "Бақытты сәт" атты ғажайыптар әлеміне аттанды, онда балаларды таңғажайып оқиғалы фильмдер, байқаулар мен сиқырлар күтті. Ертегілер кезіндегі саяхатта балалар тағы бір рет осы таңғажайып елдің барлық тұрғындарын еске түсірді. "Ертегіні ойланып
тап" байқауында балалар жұмбақтап айтылған тірек бойынша ертегі атауын тауып айтты және "Атын толықтыр" ойынында оқушылар екінші бөлігіндегі ертегі батырларының аты-жөндерін тауып айтты. "Ертегі заттары" байқауында, балаларға жай заттарды көрсетіп, олар сол заттардан ертегілерді жасап, қандай ертегіде олар ескерілгендерін айтты. Біздің ойын-саяхаты әрі-қарай жалғасып, "Бұл кімнің суреті?" деген сөзжұмбақ сайысы болды.
Шара барысында оқушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаш айтып, сиқырлы қамал суреттерін салып, ертегі кейіпкерлеріне айналды. Біздің ертегі күні "Кішкентай әлемі" әнімен аяқталды.