«Естелік» үйірмесі тамыз айының 3-нен 9-ы аралығында жұмыс істеді. Мақсаты: педагогикалық еңбек ардагерлері туралы альбом дайындау. Үйірменің жұмыс жоспарында мынандай міндеттерді орындау көзделген.
- Альбом үшін материалдар жинақтау;
- Жиналған материалдарды өңдеу;
- Альбомның электрондық нұсқасын құрастыру.
Балалар қолда бар материалдарын мектепте дайындап, педагогикалық еңбек ардагерлерінің үйіне барып әңгімелесті, олардың фотосуреттерін және қажетті материалдарын жинап алды.
Оқушылардың пікірлері: жақсы күтіп алып, қуана сұрақтарға жауап берді, мектеп өмірінен қызықты, тарихи оқиғаларды айтып берді.
Мұғалімдердің пікірлері: оқушылар сыпайы, тиянақты, белсенді сұрақтар қойып, мұқият тыңдады.
Оқушылар мен мұғалімдер кездесе отырып пікірлескендері үшін алғыс білдіру мүмкіндігіне ие болды. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне өз мұғалімдерін ұмытпай, альбом жасау идеясы оларға қатты ұнады. Сонымен қатар еңбек ардагерлері өз алғыстарын білдірді.