11 шілде күні біз сыныбымызбен жоғары сынып оқушыларымен бірге халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне бардық. Бізге барлығы да ұнады: ғимараттар, экспонаттар, ресімдеу, үлкен экрандар, дыбыс, демонстрациялық алаңдар, адамдар, шетелдіктерден бастап жергілікті тұрғындары да және тағы басқа. Сонда кірген бетте бірден ерекше формадағы сәулет құрылыстарынан, әр түрлі елдердің үлкен және әдемі павильондарынан, Қазақстан павильонының үлкен шарынан үлкен әсер қалды. Біз әр түрлі ұлт адамдарымен кездестік, біз үшін ол ерекше болды. Онда біз қарапайым өмірде көре алмайтындарды көрдік.
Экскурсия барысында біз бұл көрмеге 112 елдер қатысатынын, ал Қазақстан павильоны үздік бестігіне кіретінін білдік.
Өкінішке орай, уақыт өте аз болды, біз барлық павильондарға баруға үлгергемедік, бірақ ең бастысы, біз Қазақстан павильонында болдық, ішінде барлығы өте әдемі және тамаша, онда барлық энергия түрлері нақтылап көрсетілген.
«EXPO-2017» көрмесі біздің елімізде өткізілуі үшін біз мақтан тұтамыз және онда әрбір адам болуы тиіс деп ойлаймыз. Біздің ата-аналарымыз бен сапар ұйымдастырушылары арқасында біз осы көрмеге барып келдік. Бұл іс-шара біздің еліміз үшін өте маңызды болып табылады. Бұл көрме бізге өмір бойы есте қалатын болды.