2 маусымынан 20 маусымға дейін мектеп директорымен бекітілген жөндеу-құрылыс бригадасының жұмыс жоспарына сәйкес 10 сыныбының төрт оқушысы еңбек тәжірибесінен өтті. Оқушылардың күн сайынғы еңбекпен қамтылуы 3 сағат құрады.
Осы бригада мектеп оқушыларын жазғы уақытта жұмыспен қамту және бастапқы еңбек дағдыларын меңгеру мақсатында, сондай-ақ, мектептің ағымдағы жөндеуін жүргізуде және мектеп аумағын абаттандыруда көмек көрсету үшін ұйымдастырылды.
10 сыныптың жазғы еңбек практикасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: оқушылардың қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге қызығушылығын арттыру, кәмелетке толмағандарды демалыс уақытында қоғамдық-пайдалы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.
Мамырда мектеп әкімшілігі шаруашылық меңгерушісі мен жөндеу-құрылыс бригадасының жетекшісімен бірлесіп, 10 сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып, орындайтын жұмыс түрлері мен мөлшерін анықтады.
Бригаданың жұмыс жоспарына сәйкес жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Оқушылар жарақаттануды, жазатайым оқиғаларды алдын алу мәселелерін талқылады. Жетекші оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды және төтенше жағдайлардағы ережелерімен таныстырды.
Көрсетілген мерзім ішінде оқушылар келесі жұмыс көлемін орындады:
ü Мектептің 3 қабат дәлізін су негізіндегі көгілдір эмульсиямен ақтау;
ü «Достық» КБСО-ның жататын бөлмелерін дайындау (төсек-орын, көрпе төсеу);
ü Мектеп психологы кабинетінің есік ойығын жөндеу;
ü Химия кабинетінің зертханасын тазалау;
ü «Достық» КБСО жағажайында қоқысты және ағаштардың балапан бұталарын жинап алу;
ü «Достық» КБСО жағажайының шарбақтар мен ағаштарын ақтау;
ü Мектеп аумағында жиектастарды ақтау;
ü «Достық» КБСО жағажай шарбақтарындағы сүреттерді түзету;
ü «Достық» КБСО жағажайдың киім ілетін орынын тазалау;
ü Физика кабинетін су негізіндегі эмульсиямен ақтау;
ü Физика кабинетін ақтаған соң тазалау;
ü Мектеп психологы кабинетін тазалау;
ü Мектеп аумағын және «Достық» КБСО жағажайын абаттандыру (қоқыстарды жинау, арам шөпті шабу және жинау)
Жөндеу-құрылыс бригадасы жұмыстарды орындау кезінде жарақаттар мен бұзушылықтар оқушылар арасында
анықталған жоқ.