Біздің мектепте «Соңғы қоңырау» күнін тойлау дәстүрі қалыптасты. Салтанатты жиын, Қазақстанның барлық мектептерде сияқты, 25 мамыр күні 11 сағатта басталды. Бұл көктемгі күні мектеп ауласы мерекелік және жарқын көрінді. Мектеп ауласында аспанға шарлар ұшырылды, музыка мен әндер орындалды.
Салтанатты жиын алдында мектеп тақырыбындағы әндер орындалды. Салтанатты және сәнді киінген барлық қатысушылар мектеп ғимаратының алдындағы алаңында белгілі бір тәртіппен сапқа тұрды.
Салтанатты жиынды жүргізушілер ашты, олар барлық қатысушыларды қазақ және орыс тілдерінде қошаметтеді. Содан кейін салтанатты, музыкамен, әдемі киінген, гүлдер мен шарлармен 11 сынып бітірушілері шықты.
ҚР Әнұраны орындалды және салтанатты жиынның ашылуы туралы жарияланды. Мектеп директоры барлықтарын оқу жылының аяқталуымен құттықтады, ал оқу ісінің меңгерушісі Нуркеева Г.Н. оқушылардың келесі сыныпқа көшу және оқушыларды үздік және жақсы оқудағы жетістіктері үшін грамота мен мақтау қағаздарымен марапаттау туралы бұйрықтың көшірмесін оқыды. Салтанатты жиында құрметті қонақтар қатысты: Жамбыл ауылдық округінің әкімі Гуйван В.В., педагогикалық еңбек ардагерлері, демеушілер мен меценаттар, мектеп оқушыларының ата-аналары және ауыл тұрғындары. Барлық тілек білдірушілер мерекемен құттықтады, мұғалімдерге көптеген жылы сөздер айтты және балаларға жақсы жазғы демалыстарды тіледі. Мектеп бітірушілерін ата-аналары мен мұғалімдері құттықтады. Алайда, басты сөздері, әрине, 11 сынып бітірушілеріне қалды. Әдеми киінген 11 сынып оқушылары балалық шақпен қоштаса отырып, өздерінің сүйікті мұғалімдеріне алғыстарын айтты. Мектеп бітірушілері үшін, оларды біздің ұлы Еліміздің толыққанды азаматы деп айтуға болатын, өздерінің
сүйікті мектебімен, мұғалімдерімен қоштасатын уақыты тез келіп қалды.
Соңғы қоңырауды беру құқығы оқу үздігі Алмас Тлеукобыловқа және 1 сынып оқушысы Любовь Змеевскаяға берілді.