18 мамыр күні 10-11 сынып оқушыларымен «Еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оқу-ағарту және насихаттау.
Іс-шараның басында оқушыларға талқылау үшін «Старательный дровосек» өсиет әңгімесі ұсынылды, содан кейін ақылдылар сарабы өткізілді, онда оқушылар «жемқорлық» түсінігі туралы «снежный ком» жасап, өз пікірлерін айтты. Әңгімелесу барысында оқушылар осы ұғымның мәнін
этимологиялық сөздіктен білді.
Жолдарда, медицинада, білімде сыбайлас жемқорлық туралы 3 бейнеролик қарап шыққаннан кейін барлық оқушылар көрсетілген жағдайларда өздері не істеуші еді туралы ойларын айтты, қазіргі заманғы қоғамда сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсететін мақал-мәтелдерді еске түсірді.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларын ұсынды.