"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ПАТРИОТ» әскери-патриоттық тәрбиесі айлығы аясында өткізілген іс-шаралар туралы есебі

13.05.2017

Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.

Айлық салтанатты жиын өткізумен ашылды, онда бүкіл 0-11 сынып оқушылары және педагогикалық ұжымы қатысты.

Бір ай ішінде барлық сыныптарда тақырыптық 15 минуттық жүргізілді: «Живи и помни», «Мы будем

помнить» ерлік сабақтары, сынып сағаттары мынадай тақырыптарға: «Они сражались за Родину», «Солдат, твой подвиг не забыт», «Солдат войны не выбирает...», «Что такое «Патриотизм»», «Служить Родине» (жауаптылар сынып жетекшілері, пән мұғалімдері).

Кітапхананың оқу залында «Герои Отечества» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1-4 сынып оқушылары арасында «Мы наследники Победы» сүреттер байқауы өткізілді, 2 үздік сүреттері (Самойленко Алина мен Сенн Романның) аудандық байқауға жіберілді. Самойленко Алина аудандық

байқауының жүлдегері болды (3 орын).

1-6 сынып оқушылары арасында «Вечно живым» мектептік сүреттер байқауы өткізілді, онда да жүлдегерлер анықталды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің күштерімен ескерткішті және оған жапсарлас аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізілді. 

5 оқушы аудандық әскери кроссқа қатысты. Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық тобы «Помним, храним, дорожим» газетін жасау жұмыстарын атқарды. Газет мектеп мұражайларын қарап шығуға арналған аудандық байқауға жіберілді. Біз лайықты 2 орын алдық (жауапты Т.В. Михайлёва).

3 мамыр күні шағын-орталықта «9 Мая - Праздник Победы» тақырыптық ертеңгілік өткізілді.

5 мамыр күні Кайдарова Алинур «Наши песни Войны и Победы!» аудандық музыкалық фестиваль-байқауға қатысты және 2 орынға ие болды (жетекшісі Ахметова С.Л.).

5 мамыр күні мектепте «Наши песни Войны и Победы!» патриоттық әндер фестивалі және «Весна Победы» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқауға 1-10 сынып оқушылары жас топтары бойынша қатысты: 1-4

сыныптары, 5-10 сыныптары. Барлығы 27 қатысушы. Байқауға қатысушыларының өнерін бағалау критерийлері: 1. Мәтінді білу. 2. Сөйлеудің айқындылығы және нақтылығы. 3. Эмоциялық. 4. Актерлік шеберлігі. Барлық оқушылар бауқауға белсенді қатысты. Келесі қатысушыларды атап кеткіміз келеді: 2 сынып оқушылары - Михайлёв Даниил, Сергеев Александр, Григоренко Альбина, 5 сынып оқушысы -

Задорожная Виктория, 6 сынып оқушысы - Михайлёв Артём, 10 сынып оқушысы - Наумова Виктория, олар барлық талаптарға сай болды және байқаудың жеңімпаздары атанды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды (жауапты мектеп кітапханашы Глущич Л.В.).

Фестивальға 2-8, 10 сынып оқушылары қатысты, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды (жауапты Михайлёва Т.В.). Фестиваль соғысқа қатысқан және ҰОС жылдарында еңбек еткен қаза

болғандарды еске алуға бір минут үнсіздікпен аяқталды.

7 мамыр күні 10 оқушы (9-11 сыныптар) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығына арналған аудандық «Сап және әндер» фестивалінің жеңімпаздары атанды. Номинация бойынша грамоталарымен, дипломмен және кубокпен марапатталды (әскери жетекшісі Михайлёв В.Н.).

8 мамыр күні ауданда және ауылда 9 Мамырдағы шеруіне дайындық өткізілді.

9 мамыр күні Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған митингі өтті, негізгі мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, соғыста қайтыс болғандар туралы естелікті құрметтеуді

тәрбиелеу. Митингіге мектеп оқушылары, мұғалімдері және ауыл тұрғындары қатысты. Құттықтау сөздерімен Жамбыл ауылдық округінің бас маманы Ж.К. Жумагалиева және мектеп директоры С.К. Анапин сөз сөйледі, олар барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар табыс етті.

Жүргізушілер Михайлёв Артём мен Задорожная Виктория қатысушыларды Қазақстан, соның ішінде Ақмола облысының тұрғындары Жеңіске қандай үлестерін қосқаны туралы ақпаратпен таныстырды. 2 сынып оқушылары  ұлы отан соғысы мен жеңісі туралы әсерлі өлеңдер оқыды. Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке әшекейленген гүл тізбесін және гүлдерді қою митингінің аяқталуы

болды (жауапты Кравченко Л.В.).

9 мамыр күні 8-11 сыныптағы 19 оқушы аудандық шеруге қатысты және өздерінің өнерлерін лайықты көрсетті (жауапты Михайлёв В.Н.).

12 мамыр күні 3 оқушы Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске арналған «Живая классика» аудандық мәнерлеп оқу сайысына қатысты. 10 сынып оқушысы Наумова Виктория 2 орынға ие болды (жауаптылар Найда Д.В., Брестель И.В.).

Осындай жеңістерді біздің мектепке «Патриот» айлығы әкелді.

 

Просмотров: 1020


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст