Текст
«Бақытты отбасы – балалық шақ» партиялық жобасын іске асыру және «Приозерное орта мектебі» ММ кәсіби бағдарлау жұмысының жоспары шеңберінде 20 сәуірде 9-10 сынып оқушыларына арналған жұмысшылар мамандықтарын насихаттау үшін «Агро-Lake» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды.
Инженер Самойленко Юрий Юрьевич экскурсиялық әңгіме өткізді, оқушыларды токарь, ағаш шебері, тракторшы, комбайншы, жүргізуші, механизатор сияқты әр түрлі кәсіптегі адамдармен таныстырды. Барлық станоктарды, автомобильдік-тракторлық паркін, осы барлық адамдар қайда жұмыс істейтінін көрсетті. Барлық ауыл шаруашылығы техникасы жұмысының принциптері туралы айтты.
Оқушыларға осы іс-шара өте ұнады, балалар сұрақтар қойды, экскурсия жетекшісін қызығушылықпен тыңдады, сүретке түсті.