№ |
Іс-шаралар атауы |
Өткізілген күні |
Сынып |
жауаптылар | |
1 |
«Абайлаңыз, су тасқыны», «Көктемгі демалыс кезіндегі ережесі», «Су қоймаларының қауіптігі», «Мұзда өзіне және апатқа ұшырап қалғандарға көмек көрсету» туралы әңгімелесу |
20 наурыз
21-31 наурыз |
0-11 сыныптар |
Сынып жетекшілері | |
Мектеп фойесінде «Абайлаңыз, су тасқыны!» ақпараттық стенд орналастырылды, онда шұғыл жағдайларда ережелері бойынша нұсқаулықтар және мұзға түсіп қалғандарға көмек көрсету тәсілдері жиналған. Мақсаты: көктемгі уақытта мұзға шығудың қауіптігі туралы ақпараттандыру; көктемгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар беру. Барлық сынып жетекшілері оқушылар мен ата-аналарымен әңгімелесулер өткізді, көктемгі мұзға шығудың қауіптігі туралы материалдары, сондай-ақ зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету тәсілдері бар бейнероликтерді және презентацияларды көрсетті, ұсыныстар мен жадынамаларды таратты. Іс-шараларда оқушылар су тасқыны кезіндегі ережелерімен қол қойып таныстырылды. Қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында балалардың көктемгі уақыт кезінде су қоймаларына жақындауға жол бермеуіне ерекше көңіл бөлінді. 0-11 сынып жетекшілері. | |||||
2 |
«Веселые старты» спорттық жарыстар Жарыстар, спорт ойындары, спорт секцияларының жұмысы |
21-31 наурыз |
4-6 сыныптар 7-11 сыныптар |
дене шынықтыру мұғалімдері | |
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Веселые старты» жарысы өтті, 5-11 сынып оқушыларына әртүрлі спорт түрлері бойынша күн сайын жарыстар өткізілді, спорт секциялары жұмыс істеді. 5-8 сынып оқушылары арасында пионербол бойынша жарыстар өтті, ал 9-11 сынып оқушылары волейбол ойнады. Жарыстардың мақсаттары мен міндеттері: - мектеп оқушылары арасында пионербол мен волейболды танымал ету және дамыту; - оқушылар арасында спорт шеберлігінің деңгейін жоғарылату; - аудандық жарыстарға қатысу үшін құрама командасын қалыптастыру. Көктемгі демалыстар кезінде оқушылар спортзалға ғана емес, сонымен қатар коньки мен шаңғы тебуге мүмкіндіктері болды, таза ауада жаттыға жүріп оң эмоцияларен зарядталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Жмурко С.В. | |||||
3 |
ОЖСБ және ҚА-ға дайындық бойынша консультациялар өткізу |
21-31 наурыз |
4, 9,11 сыныптар |
директордың ОІ жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері | |
11 сынып оқушыларымен математика бойынша ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындалу бойынша топтық және жеке консультациялар өткізілді. Оқушылар консультацияларда 10 сынып курсында өткен оқу материалдарының тақырыптарын блокпен қайталап шықты. 11 сынып оқушылары ұйымшыл қайталауда қолданылатын курстың нақты тақырыптары бойынша деректер, барлық формулалар қорын жасады. Консультацияларда неғұрлым күрделі деңгейінің ерекше тапсырмалары қаралды, оларды шешу кезінде оқушылардың ой өрісі белсендіріледі, логикалық ойлау дамытылады, дедуктивтік ойлаудың негіздері қалыптасады, аналитикалық қызметі мен синтезінің дағдылары дамытылады. Алгебра мен талдау негіздері курсының берілген тақырыптарының игеру дәрежесіне бақылауды жүргізу мақсатында тексеріс жұмысы өткізілді. ҰБТ-ге дайындалу бойынша жеке консультациялық сабақтарды өткізу кезінде есептеу дағдыларын дамытатын жаттығулар кешені алынды.Сабақтың алдында тапсырмаларды есептеу уақытын экономдау бойынша дайындалу мақсатында берілген бірінші 10-12 тапсырмаларды жазбаша және ауызша тездетіп орындаудың ақылдылар сарабы өткізілді. Математика пәні мұғалімі Сергеева Н.О. Көктемгі демалыста оқушылардың географиядан қорытынды аттестаттауға дайындалу бойынша консультациялар өткізілді. Консультацияларда жоғары қиындықтағы сұрақтар қаралды, оқушылар қателерді көбінесе жіберетін тақырыптарға ерекше көңіл аударды. География пәні мұғалімі Махомет Е.Н. | |||||
4 |
Психологиялық қызметтің жұмысы |
21-31 наурыз |
1-11 сыныптар, мұғалімдер, ата-аналар |
психолог | |
5 |
«Ертегілерге саяхат» викторинасы |
24 наурыз |
1 -4 сыныптар |
кітапханашы | |
Мектеп кітапханасында «Ертегілерге саяхат» ойын-викторинасы өтті, қатысушылары 1-4 сынып оқушылары болды. Шараның мақсаты: балалар қандай ертегілерді біледі екенін анықтау, ертегілердің ең үздік білгірін анықтау; ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қалыптастыру; шығармашылық және сахналық қабілеттерін дамыту. Бағдарламада байқаулар өткізілді: блицтурнир; сөзді аяқта; ертегі мен кейіпкерін тап; сіз білесіз бе?; ертегі киімдері мен аяқ киімдері. Балалар уақытты көңілді өткізді. | |||||
6 |
«Көктем келді!» конкурстық-ойын бағдарламасы |
27 наурыз |
1-4 сыныптары |
бастауыш сынып мұғалімдері | |
Бастауыш сыныптарда «Көктем келді!» конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: табиғатты аялауды тәрбиелеу, танымдық қабілеттерін дамыту, оң эмоцияларды дамыту. Барлық оқушылар конкурстық-ойын бағдарламасында белсенді қатысты: жұмбақтарды шешті, сұрақтарға жауап берді, қозғалмалы ойындар, «Сөзді құрастыр», «Жануарларды ата» және т.б. ойындар ойнады. Іс-шара балаларға ұнады, олар көктем туралы көптеген қызықты фактілерді білді, сондай-ақ өз білімдерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері | |||||
7 |
«Оқушылардың құқықтары» әңгімелесу |
24 наурыз |
5-8 сыныптары |
тарих мұғалімі | |
Әңгімелесудің мақсаты: «Бала құқықтары туралы конвенциясы» негізгі ережелерімен танысу. Міндеттері: бала құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыру; өсіп жатқан ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымдарын, Отанға деген сүйіспеншілігін, еліміздің заңдарын құрметтеуді тәрбиелеу. Әңгімелесу кезінде оқушыларға презентация көрсетілді, содан кейін оларға ойын түрінде әр түрлі тапсырмалар ұсынылды. Соңында викторина өткізілді. | |||||
8 |
«Қасіретпен күресу» лекциясы (зиянды әдеттерді алдын алу) |
демалыс ішінде |
1-11 сыныптар |
медицина қызметкері | |
Мектеп медицина қызметкері темекі шегуді, маскүнемдікті алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Қасіретпен күресу» шаралар өткізді: - 1-4 сынып оқушыларына темекі шегудің зияны туралы ертегілер оқылды, салауатты өмір салты туралы әңгімелесулер өткізілді. - 7-11 сынып оқушылары «Тайна едкого дыма» ғылыми мульфильм көрді, «Темекі шегу мен маскүнемдіктің зияны туралы» дәріс оқылды. - 5-6 сынып оқушылары «Скажем «ДА»- здоровому образу жизни» диктант жазды. | |||||
9 |
Бастауыш сынып оқушыларына арналған аудандық пән олимпиадасына қатысу |
28-29 наурыз |
4 сынып |
4 сынып жетекшісі, пән мұғалімдері | |
Олимпиадада қатысу 28-29 наурызда аудандық «Достық» БСКО базасында бастауыш сынып оқушылары арасындағы аудандық олимпиаданың ІІ кезеңі өтті. Олимпиада қатысушыларына іс-шараның ұйымдастырушылары лагерьдің тәлімгерлері мен үйлестірушілері арнайы бағдарлама дайындады, оған тек қана олимпиада емес, сонымен қатар әртүрлі қызықты сәттер кірді, бұл спорттық ойындар, танысу ойындары, концерттер, жасақ бұрышын құру және т.б. Олимпиада үш пән бойынша өтті: математика, әлемді тану және қазақ тілі. Екінші кезеңге 4 сынып оқушысы Самойленко Алина өтті. Ол олимпиада кезінде жақсы білім көрсетті. Олимпиада қорытындысында Алина қазақ тілі пәні бойынша 1 орын алғаны үшін мадақтама алды және бастауыш сынып оқушылары арасындағы аудандық олимпиадасының 3 деңгейлі дипломмен марапатталды, бұдан басқа, көптеген жағымды эмоциялар алды. Бастауыш сынып мұғалімі Анисимова Т.А. Мұражайға саяхат Бастауыш сынып оқушыларымен, аудандық олимпиада қатысушыларымен, биология пәнінің мұғалімімен мектеп мұражайына экскурсия өткізілді. Оқушылармен әңгімелесу өткізілді, олар мұражай экспонаттарымен танысты, сұрақтар қойып және оларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алды. Биология пәні мұғалімі Кальман А.И. | |||||
10 |
Үйірмелер жұмысы |
демалыс ішінде |
5-11 сыныптар |
үйірмелер мен секциялар жетекшілері | |
11 |
«Балалар түнгі ауылда» рейді |
күнделікті 21.00-00.00 с. |
|
пед. ұжымы, ата-аналар | |
Сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі ата-аналар мен мектептің медицина қызметкерімен бірлесе отырып «Балалар түнгі ауылда» күнделікті рейдтер жүргізді. Оқушының күн тәртібін бұзатын балалар анықталған жоқ. |