"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдемі және сау болу – бұл сәнді!

18.03.2017

Денсаулық – бұл бұлжымас адамзат құндылығы. Барлық уақытта да денсаулық сұлулық баламасы болып саналды, ал сұлулық – денсаулық белгісі.

Заманауи өмір ағымы жаңа талаптарды қояды. Қазіргі заманғы адам, көбінесе,  кейде ұйықтауға, тамақ жеуге де уақыт болмайтын қарқынымен өмір сүреді және жұмыс істейді. Ауыруға да уақыт жоқ.

Бүгінгі кезде дені сау болу – бұл тек әдемі ғана емес. Дені сау болу – бұл сәнді, беделді, тиімді болу. Сонымен қатар бұл өмірлік қажеттілік. Дені сау болу - бұл өз отбасың үшін сенімді тірегің болу болып саналады. Дені сау болу – бұл

еңбекке жарамды болу, демек, табысты болу. Дені сау болу – бұл белсенді өмір салтын жүргізу және оның мүмкіндіктерінен рахаттану дегеніміз.

«Сұлулық және денсаулық» айлық бойы мектепте келесі іс-шаралар өтті:

1. 2 стенд дайындалды: «ЖРВИ және тұмауды алдын алу», «Сұлулық және денсаулық үшін дұрыс тамақтану».

2. 1-11 сынып оқушыларымен салауатты өмір салты, адам өмірінде және ауруларды алдын алуда тамақтану рөлі туралы әңгімелесу өткізілді, бейнебаяндар көрсетілді.

3. 1-6 сынып оқушылары  диктанттар, 7-11 сынып оқушылары шығармалар жазды.

4. 7-11 сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» сұлулық және денсаулық сұрақтары бойынша  кеңес беру ұйымдастырылды.

5. 7-11 сынып оқушыларымен викториналар, 1-6 сынып оқушылары арасында «СӨС» сүреттер байқауы  өткізілді, барлық оқушыларға буклеттер таратылды.    

6. 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

7. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс-шаралар өткізді.

  Сұлулық және денсаулық  өзімізге ғана байланысты, бұл даусыз факт! Біздің денсаулық бен сұлулығымыз бізді қуанту үшін, бізге салауатты өмір салтын жүзгізу, спортпен айналысу, өз тамақтануын қадағалау, ең бастысы, жиі

күлімсіреу және өмірге қуану қажет.

Позитив пен оң көңіл-күйлеріңіз көбірек болу керек, сонда сіздер таң қаласыз, сіздің сұлулық пен денсаулығыңыз қалпына келе бастайды!

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст