Текст
7 наурыз күні біздің сыныпта 8 наурызға арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Балалар бұл күнді асыға күткен еді. Олар бұл күні аналарын, әжелерін құттықтағысы келген еді. Балалар сыныпты мерекелік түрде безендірді. Балалар аналары мен әжелерін тақпақпен, әнмен, бимен құттықтады.
Мереке соңында балалар аналарына, әжелеріне, құрбыларына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.