Текст
8 ақпанда «Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу шеңберінде 3 сыныпта «Патриот болу» тақырыбына өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – әрбір адам тағдырында Отанның мәні мен маңызы туралы түсініктерін
кеңейту.
Сабақтың ішінде оқушылар сабақтың түрлі кезеңдерде белсенді қатысты: топта жұмыс істеп, пазлдардан Отан туралы мақалдарды жинады, «Туған жер» өлеңін шырқады, «Отан» тақырыбына постерлерді жасады және оларды қорғады. Сабақтың соңында «Отанның сен үшін қандай мәні бар?» сөйлесу өтті.