26 қаңтарда біздің мектепте мұғалімдерге арналған «Сыныптың және сонда болған өзгертулердің оқыту үдерісін басқару. Оқыту әдістемесіне өзгертулерді енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары» тақырыбына тренингі өтті.
Мақсаты: мұғалімдер бірлескен жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін меңгерсе, топта жұмысты ұйымдастырудың икемділігін алады.
Күтілетін нәтижелер: оқыту тәсілдемелердің өзгерту бағытының өзектілігін түсінеді; инновациялық стратегия мен әдістерімен, басқа мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесімен таныстырылды.
Негізгі идеялар: ЭЫДҰ есептерінің және білім саласында әлемдік көшбасшы елдері қорытындыларының негізінде, серпінді өзгеретін әлемнің жағдайында мұғалімдердің оқушыларға жаңа талаптарының түсінігін қалыптастыру.
Сабақта қатысушылар жаттығуларды өткізді, жұпта және топта жұмыс істеу техникасын жетілдірді, өз сабақтарында топпен жұмыс істеудің маңызы туралы қорытынды шығара алды. «Жентек қар», «Кино талдау» тәсілдерін орындау әдістемесімен таныстырылды. Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, ең жақсы оқушы мен мұғалімнің қасиеттерін саралауды өткізді. Нәтижесінде ең жақсы оқушысының қасиеттерінің жалпы схемасы шығарылды.
Сонан соң тренинг қатысушылары «тамаша» деген сөздің өздерінің көріністерін басқа 5 елдердегі мұғалімдерінің пікірлерімен салыстырды. Қазіргі заманғы мұғалімі туралы қазақстандық мұғалімдердің түсініктерін басқа елдердегі
мұғалімдердің түсініктерімен салыстырып, білікті мұғалімнің үлгісін қалдырды.
«Даналардың кілті» тәсілі тізімдерді шығаруға көмектесті:
- дәстүрлі, ескірген білім жүйесінде жоқтығын;
- дәстүрлі білім жүйесінің кемшіліктерін;
- түбегейлі өзгерту маңыздылығының дәлелдерін.
Тренингінің соңында рефлексия өткізілді.