Текст
Ақпан айының 11 күні 5-сыныпта «Ауғаныстан жүректегі жара» атты тақырыпта сынып сағат өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың Ауған соғысы туралы білімдерін кеңейту. Борыш, ар-намыс, жауапкершілік, адамгершілік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Соғыс оқиғаларына қатысушыларға құрмет сезімін дамыту. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Балалар соғыс туралы, интернационалдық борышын орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған ауған жауынгерлері туралы әңгіме тыңдады. Балалар сол замандағы бейнероликтер көрді, өздері өлеңдер оқыды.
Шаймерденова С.Л.