18 наурыз күні 1 сыныпта "Наурыз – жыл басы"атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін таныстыру және бекіту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін жандандыру; балалардың ой-өрісін кеңейту;
2. Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру; бос уақытты қызықты өткізу.
3. Туған елдің мерекелері мен дәстүрлеріне деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, жалпы мәдениетті дамыту, патриотизмге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында, сыныпта мереке атмосферасы орнады. Балалар Наурыз туралы алдын ала дайындалған өлеңдерді қуана айтып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады, ребустар мен жұмбақтарды шешті, ер балалар "Батыр"сайысында жарысты. Сынып сағатының соңында оқушылар "Наурыз мейрамы" тақырыбына кластер жасады.
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Глущич Л. В.