"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылдың 1 қыркүйегінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

03.09.2019

Бірінші сыныпқа алғашқы рет.

Бұл не? Не болды? Неліктен бәрі айналып,  үйіріліп, домалап жөнелді? Бүгін ата- аналар, әжелер мен аталар қобалжып, өз балаларын мектепке шығарып салды. Өйткені бүгін олардың алғашқы мектеп қоңырауы.

Әсем киінген, гүлшоқтарымен балалар мектепке аттанды. Мектепте оларды әдемі және жарық сынып қарсы алды. Онда "Саналы ұрпақ – жарқын болашақ" тақырыбына олардың алғашқы мектеп сабағы өтті. Сабақтың мақсаты әр адамның тағдырында Отанымыздың мәні мен құндылығы туралы түсініктерді кеңейту болды.

Сабақ барысында оқушылар сабақтың әр кезеңіне қызығушылықпен қатысып, мұғаліммен белсенді әңгіме жүргізіп, қорытынды жасады және ойнады.

Мектептегі бірінші күн қызықты, әрі әсерлі өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі: Сенн Е. В.

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

 Жазғы демалыс та аяқталып, біз қайтадан жаңа оқу жылының қарсаңындамыз. 1 қыркүйекте 2-3 сыныптарда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда бекітілген нормалар мен құндылықтарды құрметтеуге, өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, конституциялық патриотизм сезімдерін дамыту.

Сабақ белсенді түрде өтті. Балалар Отан туралы өз білімдерімен бөлісті, Қазақстанның рәміздерін еске алды, "Конституция" ұғымына анықтама берді, топтарда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы постерлер дайындады, келген оқу жылының айтулы оқиғаларымен танысты.

2-3 сынып мұғалімдері: Глущич Л. В., Шипило Т. А.

 

1 қыркүйек күні 8 сыныпта  «Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері» сынып сағаты өткізілді. Оқушылармен әр адамның құқықтары мен міндеттері тақырыбында әңгіме ұйымдастырылды. Оқушыларға шешім табу керек болатын күрделі жағдайлар ұсынылды. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, өмірдегі мысалдарымен бөлісті.

 

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» сынып сағатының  өткізілгені туралы ЕСЕБІ

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Приозерное орта мектебінің 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» сынып сағаты өткізілді. Жұмыстың мақсаты Негізгі Заңды мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конституциялық-құқықтық мәдениетін, конституциялық патриотизм деңгейін қалыптастыру және арттыру болды. Сынып сағаты барысында оқушылар Конституцияның құрылымы мен мазмұнымен танысты, мемлекетіміздің Басты заңының маңыздылығын белсенді талқылады, бұл оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтылық сезімін қалыптастыруға ықпал етті, "Мен және кәсіптер әлемі" презентациясын тамашалады.

9, 10, 11 сынып жетекшілері Махомет Е.Н., Тлеулинова Г.Б., Билевич С.В.

 

Просмотров: 1439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст