Сынып сағаты Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында өтті.
Сабақ балаларды жақын адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін және отбасыға, оның мүшелеріне, олардың қарым-қатынасына дұрыс көзқараспен қарауды тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сабақтың басында топтар бойынша отбасы мүшелері туралы жұмбақтар шешті, отбасы туралы өлең тыңдады. Содан кейін олар топтарда жұмыс жасап, отбасы туралы мақал-мәтелдер құрастырып, олардың мағынасын түсіндіруге тырысты.
Рефлексия барысында оқушылар өздерін бақытты балалар деп тұжырымдады, өйткені әркімнің ұйымшылжәне сенімді отбасы бар: сүйікті ата-ана, мейірімді және қамқор әжелер, ағалар мен әпкелері бар. Олар өздері де отбасының нығаюына, оны қорғауға және сақтауға үлес қоса алатындықтарын түсінді. Бұл - олардың жақсы оқуы және жақсы мінез-құлқы, ата-аналарына көмектесуі, оларға құрметпен қарау, кішіге қамқор болу.
Махомет Е.Н.