Текст
"Отбасы-бақыт мекені!" отбасы апталығын мерекелеу аясындаПриозерное орта мектебі" ММ педагог-психологы 4 сынып оқушыларымен "Отбасылық арада"тренингі элементтерімен сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты өз-өзін тану, өзіне деген қызығушылықты дамыту, балалардың отбасындағы махаббат пен келісім туралы түсінігін кеңейту, отбасылық рөлдер мен қарым-қатынасты сезіну болды. Сабақ барысында "Өрмекші", "Үй қонған", "Сиқырлы қап" атты ойындар мен жаттығулар өткізіліп, балалар оларға белсенді қатысты.
Мектеп психологы: Сергеева С. А.