Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған онкүндіктің шеңберінде 3 сынып оқушылары арасында "Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің білгірлері" атты ойын-викторина өтті. Іс-шараның мақсаты: тілге деген қызығушылықты, Қазақстан халқының мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыру.
Викторинаның басында оқушылар 2 топқа бөлінді. Викторина барысында балалар орфограммалардың жазуын білу, мақал-мәтелдерді білу, 3 тілде сөз құрастырып, біздің Отанымыз туралы сұрақтарға жауап берді, ағылшын және қазақ тілдерінде жануарлардың денесінің бөліктері мен атауларын еске алды. Сонымен қатар "Әр тіл өзінше ұлы"атты мәнерлеп оқу сайысына қатысты.
Ойын-викторина соңында команда қатысушылары алған жетондарды санап, жеңімпаз команда анықталды.