Текст
Ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету мақсатында 26 қыркүйекте сағат 18.00-де 10-11 сыныптарда «XXI ғасырдың қазақстандық ата-аналары: Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп психологы С. А. Сергеева қатысты. Ата-аналарға 6 түрлі тақырып бойынша презентация мен видеороликтер көрсетілді. Конференция соңында ата-аналар сауалнамаларды толтырып, өздерін толғандырған сұрақтарын талқылады. Конференция қызықты және пайдалы өтті.
Сынып жетекшілері: Билевич С В., Тлеулинова Г.Б.