Текст
30 қыркүйек күні 10-11 сыныптарда «Мұхиттар қауіпті жағдайда» атты экологиялық сабақ өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларды мұхит және басқа да су ресурстарының ластану проблемасымен таныстыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болды. Сынып сағаты барысында оқушылар әлемдік мұхиттағы халықтың өсуіне байланысты болған өзгерістер туралы әңгіме тыңдап, осы әңгіме бойынша нұсқауларды орындай отырып, интерактивті сабаққа қатысты. Сабақтың соңында оқушылар әлемдік мұхиттың өзгеру мәселелерін белсенді талқылады, сондай-ақ осы мәселені шешу жолдарын көрсетті.
Сынып жетекшілер Тлеулинова Г.Б., Билевич С.В.