10 қазанда Қазақстанда мүгедектер күні атап өтіледі. Бұл күн-денсаулығына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанатын, шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсететін адамдарғақ ұрмет көрсету күні.
Біздің мектепте мүгедектер күні, балалардың мүгедектерге деген дұрыс көзкарасын және ақылға қонымды қарым-қатынасын қалыптастыру, оқушылардың мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемаларына назарын аудару, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында өтті.
9 қазан күні 8 сынып оқушылары сынып жетекшісі және психологпен бірге үйде оқитын сыныптасы Павел Наумовқа барды. Балалар оған өз қолдарымен жасалған ашық хат сыйлады, ауыл бойынша серуендеу жүргізді.
10 қазан күні Павел үшін мектепке, мұражайға экскурсия өткізілді,сонымен қатар ол өз сыныптастарының сабақтарына қатысты.
Бұл құрдастарының ортасында өткізілген уақыт Пашаға өте ұнады.Ол мектепке жиікелуге, сондай-ақ іс-шаралармен мерекелерге белсенді қатысуға уәде берді.
Сергеева С.А.