Текст
29 қарашада Жалпы Қазақстан бойынша «Қазіргі Қазақстан, Елбасы көш басшылығының сабақтары» ашық сабақ аясында, бірінші сыныпта «1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіКүні" тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі мысалында бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушылар Н.Ә. Назарбаевқа арналған өлеңдер оқыды. "Егер Мен президент болсам" тақырыбында өз ойларын айтты. Ал мереке сыйлықсыз өтпейтіні бәрімізге белгілі. Бірінші сынып оқушылары Н.Ә. Назарбаевқа «Күннің көзін" сыйлауды шешті. Күн-жарық, жылу және гүлденудің символы.
Сабақ қызықты және көңілді өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі: Е. В. Сенн