Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 29 қарашада 9-11 сыныптарда «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Жұмыстың мақсаты оқушылардың Н.Ә.Назарбаевтың мақалалары туралы білімдерін тереңдету, қазақстандық патриотизмге, бейбітшілікке, ұлттық келісімге, белсенді азаматтық ұстанымға, көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру және логикалық қабілеттерін дамыту болды. Сабақ барысында мұғалімдер Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуында Н.Ә. Назарбаевтың атқарған рөлі туралы қысқаша анықтама берді, оның төрт бағдарламалық мақаласымен таныстырды - «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», ҚР халқына жолдауы, «Ұлы даланың жеті қыры» және сабақтың нәтижесінде әрбір білім алушының өзінің тұлғалық өсуіне себеп болатын қорытынды жасауы тиіс екенін түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар біздің бірінші Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы бейнеролик тамашалады және «Өз ойыным» зияткерлік сайысына қатысты. Сабақ өте қызықты және танымды өтті.
Сынып жетекшілер Махомет Е.Н., Тлеулинова Г.Б., Билевич С.В.