Текст
9 желтоқсанда 5,7 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс көңілді көңіл – күймен сәлемдесуден басталды.
Содан кейін сынып жетекшісі Сегреева Н. О. және мектеп директоры Анапин С. К. мектеп пен ата-аналар арасында жасалған келісім-шарттың тармақтарын түсіндірді. Ата-аналар мен оқушылардың құқықтары мен міндеттеріне назар аударды. Жиналыста оқушылардың ағымдағы үлгерімі, сонымен қатар жаңа жылдық шыршаны өткізу және қар қалашығын салу туралы мәселелер қаралды. Ата-аналардың барлық ұсыныстары мен тілектері ескерілді.
5, 7 сынып жетекшілері.