"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Приозерное орта мектебі" ММ жанындағы "Болашақ" шағын орталығында жаңа жылдық ертеңгілік

26.12.2019

25.12.2019 ж. "Болашақ" шағын орталығында жаңа жылдық ертеңгілік өтті.

Тақырыбы: Сәлем ертегі.

Мақсаты: Білім беру: оқу мотивациясын арттыру, оқу қызметін жандандыру.

                  Тәрбиелік: жалпы іс-шараны жүзеге асыру барысында ұжымда,

                   бейтаныс адамдармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.

                  Дамытушы: сыйлықтар мен конкурстарды дайындау кезінде

                  шығармашылық жұмыс негізінде қоршаған ортаға танымдық

                  қызығушылықты, танымдық дербестікті қалыптастыру;

                  шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Іс-шара тәрбие жоспарына сәйкес өтті.

Іс – шараның сценарийі бойынша кейіпкерлер қатыстырылды, олардың рөліне келесі ата-аналар қатысты: Аяз ата – Олех К. Ф, Ақшақар – Дубровина С.В., түлкі - Найда Д. В., қоян-Сергеева Н.О., жүргізушілер - Григорьева И. В., Григоренко Т. В.. Мерекенің барлық қатысушыларына алдын ала костюмдер дайындалды. Іс-шараның тақырыбы мен түрі шағын-орталық тәрбиеленушілерінің жас құрамына толық сәйкес келді, іс-шараға жұмсалған уақыт саны дұрыс есептелген. Балалар конкурстарға белсене қатысып, Аяз Атаға тақпақтарын айтып, "Фея", "Гномиктер", "Финская полька" биілерін биледі, Аяз ата мен Ақшақар хороводтар жүргізді. Мереке барысында жаңа жылдық костюмдер сайысы өткізілді және бірде-бір бала Аяз атадан сыйлықсыз қалған жоқ.

Іс-шара өте көңілді өтті. Балалар сайыстарға, ойындарға белсене қатысты. Кейіпкерлердің репликаларына эмоционалды жауап берді. Іс-шараның мақсатына сәтті қол жеткізілді деп есептеймін.

Тәрбиешілер: Григорьева И. В., Григоренко Т. В.

Просмотров: 566


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст