6 қаңтарда 7 және 8 сыныптардың аралас командалары арасында пионербол бойынша жарыс өтті.
(мұғалім Жмурко С. В.)
11 сынып оқушыларымен "Оқу сауаттылығы" пәні бойынша консультация өткізілді. Оқушылар мәтіндерді талдап, сөйлеу стилі мен түрлерін қайталады. Мәтінді түсіну тапсырмаларын орындады.
(мұғалім Брестель И. В.)
География және биология бойынша қорытынды аттестаттауға оқушыларды дайындау бойынша консультациялар өткізілді. Консультация барысында күрделі сұрақтар қарастырылды, оқушылар ең көп қателер жіберетін тақырыптарға назар аударылды.
(география және биология мұғалімі Махомет Е. Н.)
4 сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған театр қойылымына дайындық жүргізілді. Бұл қойылымның мақсаты балалардың ата-бабалары үшін мақтаныш сезімін, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет және алғыс сезімін қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы тарихына деген қызығу шылық пен құндылықты тәрбиелеу болды.
(мұғалім Р.А. Анапина)
8 қаңтарда 1-5 сынып оқушыларымен "Қысқы ойындар" өткізілді. Іс-шара барысында оқушылармен таза ауада қозғалмалы ойындар, сондай-ақ төбешікте сырғанау өткізілді. Барлық оқушылар іс-шараға белсене қатысып, жақсы көңіл-күйалды.
(1-2, 4-5 сынып жетекшілері)