30 сәуір күні бірінші сыныпта «1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасы арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Оқушылар мерекенің пайда болу тарихы туралы бейнефильм көрді.
Сынып сағаты барысында балалар алдын ала дайындалған ұлттық костюмдер мен тағамдарды көрсету бойынша флешмоб ұйымдастырды. Соныменқатар, халықтардостығы мен мейірімділігі туралы өлеңдер оқыды. Ұлттық сәндік-қолдан балы өнер бұйымдарын жасады. Сабақ соңында балалар Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өз қолдарымен салынған мерекелік ашық хаттармен құттықтады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Е. В. Сенн