Текст
Балалық шақ дегеніміз не? Балалық шақ – әр баланың бақытты кезеңі! 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні 1 сынып оқушыларымен қашықтық тан оқыту түрінде «Балалық шақ мерекесі – Балаларды қорғау қүні!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Балалар мерекенің шығу тарихын білді, сынып жетекшісінен және ата-аналардан құттықтаулар қабылдады, сонымен қатар балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме жүргізілді. Өз кезегінде балалар «Жаз жарқын бояуларда» атты шығармашылық жұмыстарымен бөлісті. Онда асфальттағы суреттер, қағаздағы суреттер, сондай-ақ «Мен және жаз!» атты фото сурет.
Бастауыш сынып мұғалімі: Е.В. Сенн