Текст
8 қыркүйек күні 4,7 сыныптарда "Аудармашы болайық" атты үш тілді танымдық ойын өткізілді. Барлық қатысушылар үш топқа бөлінді. Ойын үш кезеңнен тұрды: сөз тіркестерін байланыстырыңыз және құрастырыңыз; жұмбақтарды табыңыз; мәтінді аударыңыз. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды «Полиглоттар», 2 орынды «Ақылдылар», 3 орынды «Білгірлер» иеленді. Барлық қатысушылар сыйлық ретінде тәтті сыйлық пен күнтізбеге ие болды.