Текст
28 қыркүйек күні 6-сыныпта Халықаралық қарттар күніне арналған «Өмірдің күзі алтын болсын» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты оқушыларды қарт адамдарға құрмет көрсетуге, көңіл бөлуге, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік мәдениетін, өз ата-әжелеріне құрметпен қарауды, олардың жадын, өзара түсіністік пен төзімділікті тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушыларға презентация көрсетілді. Оқушылар бұл мерекені басқа елдерде атап өту туралы айтты. Соңында оқушылар өздерінің ата-әжелеріне құттықтау хаттарын дайындады.
Сынып жетекшісі Л. В. Кравченко