Ұйымдар тізімі
20 ақпанда математика, информатика және физиканы біріктірген жарқын әрі мазмұнды «МИФ» онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиын өтті.
Онкүндік барысында оқушылар байқауларға, викториналарға және танымдық іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің белсенділігін, білімділігін, шығармашылық қабілеттерін және командада жұмыс істей алу дағдыларын көрсетті. Әр күн жаңа ашылуларға, қызықты есептерге және зияткерлік сын-қатерлерге толы болды.
Салтанатты жиында онкүндіктің қорытындылары шығарылды. Барлық қатысушылар мен байқау жеңімпаздары бастамашылдығы, талпынысы және білімге деген ұмтылысы үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«МИФ» онкүндігі ғылымның нағыз мерекесіне айналып, оқушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды және нақты ғылымдарға деген қызығушылықты арттырды.
Қауіпсіз интернет күні