«Білім додасы»
«Білім додасы» - білім мен тапқырлық алаңы!
Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында 1-4 сынып оқушылары арасында «Білім додасы» атты зияткерлік викторина өткізілді.
Жас қатысушылар өз білімдері мен эрудицияларын, логикалық ойлау қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсетті. Оқушылар қызығушылықпен түрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, тілге қатысты жұмбақтарды шешіп, топпен жұмыс жасады.
Викторина жарыс рухында, достық қарым-қатынас пен көтеріңкі көңіл күй жағдайында өтті. Әрбір қатысушы өз қабілеттерін танытып, жаңа білім мен пайдалы тәжірибе алуға мүмкіндік алды.
Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың тілдерді үйренуге деген танымдық қызығушылығын арттыруға, ой-өрістерін кеңейтуге және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып мұғалімдері