«Халық әндері мен күйлері негізінде домбырада ойнау тәсілдерін меңгеру»
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мектебімізде «Ұлттық құндылықтарды насихаттау күні» атты тақырыптық күн өтті.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Тақырыптық күн аясында музыка пәнінің мұғалімі Маканов С.Б. жетекшілігімен «Халық әндері мен күйлері негізінде домбырада ойнау тәсілдерін меңгеру» тақырыбында ашық музыка сабағы өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқушылар қазақ халқының бай музыкалық мұрасымен танысып, халық әндері мен күйлерінің орындалу ерекшеліктерін меңгерді. Домбырада ойнаудың негізгі тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, музыкалық қабілеттері мен орындаушылық дағдыларын жетілдірді.
Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық рухани мұрамызды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұлттық құндылықтар -ұлт қазынасы!
Қазақ тілі мұғалімдері