Демалыс

Күзгі демалыс жоспары аясында мектебімізде шахматтан зияткерлік жарыс өткізілді.
Жарысқа қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін, зейінділігін, стратегиялық жоспарлау дағдыларын және шахматтағы жүрістерді алдын ала есептей білу шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қызықты әрі достық бәсекелестік рухында өтті. Оқушылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін сынап, қарсыласының жүрістерін талдау, дұрыс шешім қабылдау және ойын стратегиясын құру дағдыларын жетілдірді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, зейінділік пен шыдамдылықты қалыптастыруға және шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді!

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Костин Е.А.