Текст
Ұйымдар тізімі
Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында 5-11 сынып оқушылары арасында Ұлы Отан соғысы оқиғалары мен соғыс жылдарындағы батырлардың ерліктеріне арналған тарихи фильмдерді көру ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Әлия Молдағұлова туралы «Алия» және Мәншүк Мәметова туралы «Маншук» фильмдерін тамашалады.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен соғыс жылдарындағы қазақ қыздарының ерлігі, батылдығы, патриотизмі туралы әңгіме жүргізілді.
Іс-шара оқушылардың өз елінің тарихына құрметпен қарауына, соғыс батырларының ерлігін есте сақтауға және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.
Тарих пәні мұғалімдері: Григоренко Т.В., Терзиди С.П.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні