"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіздік ережелері туралы ескерту

Өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі – балалардың еркелігі және отпен жұмыс істей білмеуі. Балалар үнемі отпен ойнаудың қауіптілігі туралы еске салып, тұрмыстық техникамен жұмыс істеудің сақтық ережелерін түсіндіріп, өрт сөндіру бөлімін шақыруға үйрету керек.

Балалардың қатысуымен өрттерді болдырмау мақсатында Сандықтауауданының ТЖ бөлімінің қызметкері Н.Ж.Даутов 4-7 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.

Әңгімелесу барысында балалар бейнероликкөрді, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және қамтамасыз ету саласында қойылған сұрақтарға толық жауаптаралды, сондай-ақ мұздағы жүріс-тұрыс ережелері және кенеттен мұз астына түсіп қалған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтар қойды. Ниязбек Жұмабайұлы өрт сөндіру күзеті мен басқа да шұғыл қызметтерді қалай дұрыс және қандай нөмірлер бойынша шақыру керектігін айтты.

            Әңгіме соңында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар табыс етілді.

Жаңартылған күні: 21.12.2023 23:52
Құрылған күні: 22.12.2023 17:45

Текст