11 қарашада "Приозерное орта мектебі" ММ отбасылық қарым-қатынас клубының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына әр сыныптан ата-аналар комитетінің өкілдері, сынып жетекшілері, оқушылар мен мұғалімдер қатысты.
Ашылу салтанатынан кейін клубтың бірінші отырысы өтті, оған келген барлық ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Отырыста Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы туралы Конвенция", "Ата-аналардың заңға бағынушылық мінез-құлқы", "Ата-аналардың мінез-құлқы мен моральдық мінез-құлқы"тақырыптары талқыланды. Ата-аналарға балалар мен ата-ана қарым-қатынасы туралы әр түрлі жағдайлар ұсынылды, одан кейін жұптарға бөлініп, отырысқа қатысушылар осы жағдайларды талдады, топта балалар рөлінде болған адамдар балалардың сезімдерін талқылады, одан кейін "Ересектер құқығы" және "Балалар құқығы" тақырыптары бойынша топтарда постерлер құрастырды, оларды топ мүшелері қорғады.
Психолог пен директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары мұғалімдер мен ата-аналардың ара қатынасын жақсартуға бағытталған, олардың коммуникативтік дағдыларын, мінез-құлық тұрақтылығын, бір-біріне деген жақсы ниеттілікті тәрбиелеуга бағытталған тренинг өткізді.
Іс-шараның барлық қатысушылары белсенділік көрсетті, және те ата-аналар жиылысы үйреншікті емес, қызықты жағдайда өтті.Қатысушылардың барлығына іс-шара өте ұнады.
Михайлёва Т.В., Сергеева С.А.