"Тілім айбыным"

10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған "Тілім айбыным"  аудандық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл байқауға біздің оқушыларымыз қатысып, 3 сынып оқушысы Брестель Эмилия 1 орынға ие болды. Жмурко Маргарита мен Сергеева Мария белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз. 


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Шаймерденова С.Л., Тлеулинова Г.Б.