«Тілім – менің тірегім»

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, тіл мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Тілім – менің тірегім» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар өз шығармаларында тілдің адам өміріндегі маңызы, ана тілінің ұлттың рухани құндылығы ретіндегі орны, мемлекеттік тілге деген құрмет және тіл арқылы ұлттық болмысты сақтау туралы ойларын білдірді.
Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тіл байлығын, сауатты жазу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.