Ұйымдар тізімі
10–11 сыныптарда Дүниежүзілік денсаулық күніне (7 сәуір) орай «Салауатты өмір салты – бұл керемет» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында оқушылар салауатты өмір салты ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызы мен денсаулыққа әсер ететін негізгі факторларды талқылады. Физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулық туралы әңгіме жүргізіліп, оқушылар өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, өмірден мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, оқушылар «Денсаулыққа не әсер етеді?» атты интерактивті тапсырмаға, «Салауатты өмір салтын білесің бе?» викторинасына қатысып, «Менің денсаулыққа қадамым» атты практикалық тапсырманы орындап, өз денсаулығын нығайтуға бағытталған жеке қадамдарын анықтады.
Сынып сағатының соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар өз білімдерін және салауатты өмір салтына деген көзқарастарын бағалады.
Сынып сағаты белсенді өтті, оқушылар талқыланған тақырыпқа қызығушылық танытып, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығын түсінді.
Сынып жетекшісі: Кравченко Л.В.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні