Текст
Гуманитарлық цикл апталығы аясында 8 сыныпта «Visiting a home in Kazakhsta» ағылшын тілі сабағы өтті. Қазақстанның мәдениетін, оның салт-дәстүрлерін білу тек өз елінің тұрғындары үшін ғана емес, Қазақстанға келетін туристер үшін де маңызды және өзекті. «Visit in Kazakhstan» бейнефильмін көру және тақырыптық мәтінді оқу арқылы оқушылар қазақ және ағылшын халықтарының мәдениетін салыстырып, Бешбармақ ұлттық тағамын дайындау тәсілін зерттеді. Балалар «Food and drink» тақырыбында өткен лексиканы жандандырып және бекітіп, сұрақтарға қуана жауап берді, постер құрастырды.
Билевич С.В.