"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

««Тиімді оқыту» бағдарламасының идеясын енгізу және оқыту нәтижесін арттыруға арналған тапсырмаларды жоспарлау» тренинг

10.11.2017

       Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні мектеп мұғалімдерінің педагогтік шеберліктерінің деңгейін арттыру мақсатында мектепте ««Тиімді оқыту» бағдарламасының идеясын енгізу және оқыту нәтижесін арттыруға

арналған тапсырмаларды жоспарлау» тақырыбына мұғалімдермен тренинг өткізілді. «Тиімді оқыту».

Мақсаты: мұғалімдер, дифференциалдық оқыту әдісін игере отырып, «Тиімді оқыту» бағдарламасын ескере отыра, сабақты жоспарлау негізгі идеяларын көрсете білуі.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер, барлық оқушылар игере алатын, нақты өлшемелі нәтижесімен сабақты жоспарлауға дағдыланады.   Сабақтың басында зейіндерін белсендету мақсатында «Менің жеке басылық формулам» атты

шынықтыру өткізілді. Әрбір қатысушы  өзінің жеке басына сәйкес – қызығушылығы, мінез-құлқына, дарынына

қатысты формула ойлап табуға тиіс.   Құрылған формулаларға қатысты әрбір адам әр түрлі екені анықталды, сол сияқты әрбір адамның сабақтары да әр түрлі болатынына көз жеткіздік. Сабақ кезінде қатысушылар дифференциалдық оқытудың 10 түрімен танысты.

 Сабақ негізі сабақты жоспарлау бойынша практикалық жұмыстан тұрды. Мақсаттарға байланысты барлық

оқушыларға арналған сабақтың мақсатын анықтадық. Сабақ кезеңдеріне байланысты дифференцияцияны есере отырып тапсырмалар дайындадық, тапсырмаларға критериялар мен дескриптордар дайындадық.

       Қатысушылар топта және жұптық жұмыс істеу техникасын жетілдірді.

    Тренинг соңында рефлексия өткізіп, «Оқыту нәтижесін арттыруға арналған тапсырмаларды жоспарлау» тақырыбы бойынша тренингіге қатысушылардың түсіну деңгейін анықтадық. 

 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст