Текст
2019 жылдың 15 сәуірінде Приозерное орта мектебінің 9-сыныбында «Қоқыс дағдарысы басталып жатыр» экологиялық сынып сағаты өткізілді. Жұмыстың мақсаты балалардың экологиялық сананы қалыптастыру және экологиялық мәдениетін дамыту болды. Сынып сағаты барысында оқушылар "Мен сені сүйемін, Жер" фильмін тамашалады, балаларға жердің экологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды, слайдтарда табиғаттың экологиялық жағдайына кері әсер ететін факторлар көрсетілді. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен бірге экологиялық мәселелерді талқылады: ауаның, судың, ормандардың ластануы. Сабақта балалар келесі ұрпақ үшін табиғатты сақтау үшін қандай көмек көрсете алатыны туралы өз пікірлерімен бөлісті.
9 сынып жетекшісі Тлеулинова Г.Б.